ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ НҰРЛАН БАЙҰЗАҚҰЛЫ ЕРМЕКБАЕВ МЫРЗА БАС МҮФТИГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев мырза «Фейсбук» желісіндегі парақшасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразұлын жоғары лауазымға сайлануымен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
«Бас мүфтиді жоғары лауазымға сайлануымен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеймін. 2013 жылдан бері Бас мүфтий лауазымын атқарған Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен игі жұмыстар іске асырылғанын атап өткім келеді. 

Діни басқарма бүгін қоғамның нақты талаптары мен қажеттіліктеріне сай келетін жұмысын жүйелі, тиімді жүргізуде. Солардың арасында «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» және «Теологиялық білім беру тұжырымдамасы» әзірленді.
Қазіргі таңда Мүфтияттың қызметін күшейтуге бағытталған кадрлар әлеуетін нығайтуды көздейтін бірқатар ұйымдастырушылық шаралар қабылданды. «Мешіттердің ішкі тәртіп ережесі» бекітілді. Экстремизм мен терроризм бабы бойынша сотталғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін «Түзеу мекемелері: сұрақ-жауап» атты кітап шықты. Бұл шаралардың барлығы ислам дінін дұрыс түсіндіруге, кез-келген радикалды элементтерге қарсы жасалып жатқан іс-әрекеттер деп білеміз»,- деп жазған министр Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін