ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНІҢ БАС МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамысов қазақ еліне ықыласты құттықтау хатын жолдады. Іргелес жатқан көрші елдің бас мүфтиі еліміздегі жаңа мүфтилік қызметке сайланған Бас мүфти Серікбай қажы Оразұлын барша қырғыз халқының, Қырғызыстан мұсылмандар діни басқармасының және өз атынан шын жүректен құттықтап, Алладан береке мен жақсылық тіледі.
«Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында 300 делегат бірауыздан жауапкершілігі мол қызметті сізге сеніп тапсырған екен. Өз отаныңыздың үмітін, Қазақстандық бауырларымыздың аманатын Алланың қалауымен қаймықпай көтере алатыныңызға сенемін. Дәстүрлі Ислам аясындағы бауырластығымыз Алла қаласа, одан ары нығая түспек, екі ел мұсылмандарының мәдени әрі рухани құндылықтарын дәріптеуде осы уақытқа дейін көптеген игі шаралар атқарылып келгенін де айта кеткім келеді»,- деген айыр қалпақты ағайынның бас мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамысов

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін