Еркін Оңғарбаев Дін істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы лауазымына Онғарбаев Еркін Ануарұлы тағайындалды. Еркін Ануарұлы мемлекеттік органдарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, жоғары оқу орындарында түрлі лауазымдарды иеленді. 2007 – 2010 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің басқарушы директоры, «Астана» университетінің ректоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры болып жұмыс істеді.

 

 

2017 жылдың шілде айынан бері Е. Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды. Заң ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін