Ұлттық банк гауһары бар монеталар шығарды www.muftyat.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі атаулы құны 500 теңге болатын "Домбыра" естелік күміс монеталар шығарды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Олардың сынамы 925 күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм,  диаметрі - 38,61 миллиметр, "proof" жоғары сапалы, максималды таралымы — үш мың дана.

Монетада диаметрі бір миллиметр болатын гауһар үстеме бар, ал ортасындағы әшекейлі фонда халықтың музыкалық аспабы домбыра бейнеленген. Ол алтын жалату арқылы жасалып, гауһармен безендіріленген.

Айта кету керек,  "proof" жоғары сапалы естелік монетасы коллекциялық құнмен сатылуға арналған. Олар кәдесыйлық қаптамалармен шығарылады, әрі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған Ұлттық банктің нөмірлік сапа сертификатымен қамтамасыз етілген. Өз құны бойынша елдің барлық аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша қолдануға, сондай-ақ, банк шотына есептелуге  міндеттелген.

Аталмыш монеталарды Қазақстан Ұлттық банкінің барлық бөлімшелерінен ала аласыздар.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін