АЛМАТЫДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ

Желтоқсан айының 2 жұлдызы Алматы қаласы Республика сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі Мәуліт кеші өтеді.

Кештің жаңа бағдарламасында тағылымды қойылымдар, діни әндер, бейнероликтер, сырлы монологтар болады. Бір күнде екі рет өтетін Мәуліт кешінің алғашқысы таңғы сағат 10:00-де, ал қайталауы түскі сағат 14:00-де.

Ғаламдардың мақтанышы, адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі, сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне орай ұйымдастырылған Мәуліт кеші сіздерді шақырады.

Кеш билеттерін мешіт маңындағы діни тауарлар дүкенінен ала аласыздар!

Анықтама телефоны: 8 (727) 397 6384

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін