Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті умра маусымына толығымен дайын болды

 

Қос Киелі қорғаушысы король Салман мен мұрагер ханзада Мухаммад бин Салманның бұйрығына сәйкес Мадина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің істері жөніндегі Президиум кіші қажылық маусымына дайындық жұмыстарын толығымен аяқтағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта келушілер үшін құлшылық ордасының 100 есігі де айқара ашылған.

«Біздің мақсатымыз Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітін және құрамдас нысандарын кіші қажылық маусымына толығымен дайындау болатын. Біз барлқ әзірлікті жасадық: есіктер мен оғандайғы бақылау, мешіт және маңайындағы тазалық, адасқандарға жөн сілтеу жұмыстары, мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы қоларбамен қамтамасыз ету...» – дейді Президиум төрағасының орынбасары Әл әл-Обейд.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін