Үш тарап келісімге қол қойылды

Қарағанды облысы үшін 10 теолог тегін білім алады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов "Нұр Мүбәрак" университетінің ректоры Жуда Басюнимен кездесіп, екеуара келісімшартқа отырды. Енді жыл сайын аталмыш оқу орнынан 10 дін маманы Қарағанды өңіріне жіберіліп отыратын болады. Оқу қаражаты облыс бюджетінен төленеді. Шарт бойынша, мамандар кемінде 3 жыл сол кенді өңірге еңбек етуге тиісті. Аймақ басшысы осылайша 5 жылда теологтардың қатары 50-ге толығады деді. Бұл өз алдына жат ағыммен күресіп, дәстүрлі дінді насиxаттаудың басты тетігі болмақ.

Айта кетейік, мұндай шешім Қарағанды қаласында өткен "Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін" атты форумда мәлім болды. Айтулы форумға дін өкілдері мен қала жастары қатысып, өскелең ұрпақ арасындағы басты мәселелер ортаға салынды. Сондай-ақ, оның шешу жолдары да дәл осы жиында қарастырылды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін