Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты семинар болып өтті (ФОТО)

     Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі өңірлердегі әр түрлі жерлеу рәсімдерінің орын алуы. Осыған байланысты ҚМДБ жерлеу рәсімін барлық жерде бірізділікке түсіру мақсатында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітапты дайындап шығарған болатын. Осыған орай, аталмыш кітапты дін жанашырлары мен демеушілер арқылы басып шығарып, өңірімізге тарату мақсатында Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде семинар өткізілді.Семинарды  ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа және Қарағанды қалалық "Әл Машани" мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы өткізіп, жаназа мәселесіне байланысты түрлі сұрақтарға жауап берді. Аймағымызға қарасты қала, аудан имамдары мен мешіт жамағаты бас қосқан жиналыста  аталмыш кітаптың таралымына байланысты мәселені қызу талқыға алынды. Мұндағы басты мақсат «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың тиражын көбейтіп, оны аймағымыздың түкпір-түкпіріне жеткізіп, жаназа мәселесіне қатысты ақпаратпен халықты құлақтандырып, халықтың бойына сіңдіру.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін