Қасиетті мекенге жарты миллионға жуық қажылар аяқ басты

Сауд Арабия қажылықтың жаңа мерзімі қарсаңында қажыларды қабылдай бастады. Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Сауд Арабияның әуе және жер үстіндегі порттары сәрсенбі күні бойынша үстіміздегі жылғы қажылықты өтеуге келген 447 300 қажыларды қабылдапты. 

Корольдіктің төлқұжат тексеру басқармасының деректері бойынша - 445 390 қажылық борышын өтеушілер әуе транспортымен келсе, ал 1912 қажылар - жер үстіндегі шекаралар бекеттері арқылы өткен екен. 

Бұл көрсеткіш мұсылман күнтізбегі бойынша өткен жылғы дәл осы күнге келіп жеткен қажылардың санынан 13% артық. Осы жылы қажылық 30-шы тамыз сәрсенбі күнінен басталып, 4-ші қыркүйек дүйсенбі күніне дейін болады деп күтілуде.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін