"SAJDA" бағдарламасында Құран аудармаларын оқу қызметі қосылды!

SAJDA  - бағдарламасы 2-3 жыл ішінде еліміздегі барша мұсылманның көзайымына айналып үлгерді. Аталмыш бағдарламаны өзінің ұялы телефонына орнатпаған намазхан кісілер кемде-кем шығар. Өзінің тартымды дизайнымен, қолайлылығымен әрі қарапайымдылығымен көпшілігіміздің көңілімізден шықты. Бүгінде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Дағыстан, Татарстан, Шешенстан, Сингапур қалалары үшін намаз уақыттарын көрсету қызметін іске қосқан бұл бағдарлама тағы бір жаңалығымен қолданушыларды қуантып отыр. Бағдарламаға әлемнің 20 астам тілінде Құран аудармалары енгізілді. Қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше, малайша т.б. тілдерде Құран аудармаларын (араб тіліндегі нұсқасымен бірге) оқуға мүмкіндік қарастырылған. Алдағы уақыттарда да биік-биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін