Қарағанды қалалық № 1 мешітінде рамазан айының құрметіне орай отыз отбасыға азық-түлік таратылды (фото)

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының  қайырымдылық негіздегі үндеуі басшылыққа алынып, Қарағанды қалалық  №1-мешітінде рамазан айының құрметіне орай  отыз отбасыға азық-түлік таратылып, үлкен қайырымдылық  іс жасалды.

Аталмыш игі шараны ұйымдастырған Қарағанды қалалық  №1 мешіттің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлы жиналған мұсылман қауымды қасиетті рамазан айымен құттықтап, уағыз-насихат айтылды.Іс-шара соңынан дұға бағышталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін