Құранды жаттап алған 70 жастағы ақтөбелік кейуана жас қыздарға үлгі болды

71 жасқа шыққан ақтөбелік тұрғын Бақыт әже «Нұр ғасыр» мешітінен діни сауат алып жүр. Мешіт жанындағы әйелдерге арналған сауат ашу курсына қатысқан қария құранды жаттап алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Бақыт әже - «Нұр Ғасыр» мешітінің үздік шәкірттерінің бірі. Әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының табалдырығын алғаш аттағандардың қатарында. Кенжегүл ұстаздан Құран оқуды үйренген ол бүгінде екі парадан астам Құранды жатқа біледі.

Тіпті мешітте күнделікті өтіп жатқан Құран хатымынан да қалмайды. Себебі, жүрегі мешітке байланған әже Алла үйіне жүріп емес, жүрекпен келеді», - дейді мешіт қызметкерлері.

Бақыт Рахметова - мешітке келген жас қыздарға үлгі.

 Ол мүгедектігіне қарамастан, қартайған шағында дінге бет бұрған.

Қария рамазан айында ауызын да бекіткен. Қасиетті айда «Отыз күнге отыз сауапты іс» шарасын бастаған мешіт қызметкерлері әженің де шаңырағанда болды.

«Сауат ашу курсының қыз-келіншектері әжені қуанту үшін рамазан айымен құттықтап барды. Ауызашарға тәтті дәмдерін ала барды. Ас әзірлеуге қыздардың өздері де атсалысып, қарияның үйіне кең дастархан жайды. 70 жасында Алланың зейінін қайтармаған қария көпке үлгі», - дейді мешіт қызметкерлері.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін