Алжирде көлемі жөнінен әлемдегі үшінші мешіт тұрғызылады

Алжир елінің баспасөз құралдары хабарлағандай, әлем бойынша көлемі жөнінен үшінші мешіт болатын құлшылық ордасының құрылысы 85 пайызға аяқталып қалған көрінеді. Алжир тұрғын үй бөлімшесінің хабарлауынша, мешіттің пайдалану мерзімі 400-500 жылға лайықталып жасалған.+

Құрылыс жұмыстары аяқталғасын «Ұлы мешіт» Мекке мен Мәдинадағы қасиетті құлшылық ордаларынан кейінгі ірі ғибадатхана болмақ. Сондай-ақ, бұл мешіт Африка құрлығындағы ең ірі құлшылық ордасы болмақ.+

Мешіттің жалпы аумағы 400 000 шаршы метрді құрайды. Ал, құрылыс жұмыстарының шығыны 1,3 млрд долларды құраған. Сондай*-ақ, бұл мешіттің мұналараы да әлемдегі ең биігі болып тұрғызылмақ – 270 метр. Мешітте бір уақытта 120 000 жан құлшылығын өтей алады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін