Қанат Жұмағұл «Әзірет Сұлтан» мешітінде уағыз жүргізді

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің сәуір айындағы  уағыз-насихат  жұмыстарының алғашқы кездесуі Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Қанат Жұмағұлмен ұйымдастырылды. Бейсенбі күні ақшам намазынан кейін мешіт мінберіне көтерілген исламтанушы ғалым жамағатқа «Жақсылықта жарысу» тақырыбында уағыз айтып, ғибратты жүздесу өткізді. Кездесу соңы сұхбаттасуға ұласып, білікті ұстаздың уағызына ұйыған жамағат құптан намазына дейін қатар бұзбады.

 

 

Ал, келесі күні қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа  Қанат Жұмағұл «Бүгінгі мұсылман бейнесі» тақырыбында ой толғап, жұма уағызын жүргізді. Аталмыш уағыздың бейне нұсқасын сайтымыздың «Медиа» айдарынан көре аласыздар. Білікті ғалым, сондай-ақ, «Хикмет» телерадиостудиясында қонақта болып, «Иман шуағы» бағдарламасының кезекті түсіріліміне қатысты.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін