«МАХМҰД ҚАШҒАРИ» МЕШІТІ АШЫЛДЫ

қырғызстан астанасы Бішкектегі ең үлкен мешіттің бірі – Махмұд Қашғари мешіті бірер күн бұрын жамағатқа есігін айқара ашты. Жаңа мешіттің ашылу салтанатына алыс-жақын мемлекеттердің діни қайраткерлері, республика үкіметінің өкілдері мен шенеуніктер қатысты.

Қырғыз мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Мақсат Атабаевтың айтуынша, мешіт құрылысы ұзаққа созылған. Үш жыл бұрын басталған құрылыс тоқтап, 2015 жылы қайта жанданған. Мешіт түркі халықтарына ортақ ірі тұлғаның құрметіне «Махмұд Қашғари» атауын алды.

X-XI ғасырларда өмір сүрген М.Қашғари «Диуани лұғат ат-Түрік» туындысымен мәшһүр. Еңбек сонымен қатар ел ішінде «Түркологиялық энциклопедия» ретінде де танымал.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін