Мәскеулік келіншек атасынан қалған ескі Құран кітапты $45 млн-ға сатудан бас тартты (фото, видео)

Мәскеулік Анашка Хаджимурадоваға атасынан  XVI ғасырға тиесілі Құран кітабы мұраға қалып отыр. Бұл жәдігерге ескілікті бағалаушылар 45 миллион доллар ұсынған. Алайда мұраның иесі оны мешітке сыйлауды ұйғарып, сатудан бас тартты деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Анашка Құран кітапты атасының артынан қалған ескі заттардың арасынан тапқан. Кітаптың өте ескі екенін көруге болады.  Оны аукционда бағалаушылар Құранның миллиондарға сатылатынын айтқан.

«Біз екі сараптама жасадық, екеуінде де Құранның XVI ғасырдан бері келе жатқаны белгілі болды. Лондонда Құран кітап үшін 12 миллион теңге ұсынды, содан тіпті оны 45 миллион долларға бағалағандар да табылды", - дейді ол

 

Мәскеу тұрғыны осынау бағалы кітапты сатудан бас тартқан. Анашка Хаджимурадова оны мешітке сыйға тартуды жөн санапты.

«Ақшамен бақытты болу мүмкін емес, біз ойлана келе оны сыйға тартуды жөн санадық. Мешітке кез келген уақытта бас сұғып, Құранға бір қарап кетуге болады. Балаларым, туыстарым барып тұрады. Ол жерде ұзақ жылдар бойы сақталатынына шүбә жоқ. 

Құран өте ескі, Сирияда қолмен жазылған. Барлығы оның осылайша жақсы сақталғанына таңданып жатыр", - дейді кітаптың иесі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін