Таңқаларлық жағдай. Дәрігерлер де сене алар емес.

Үндістанның солтүстігінде орналасқан Варанаси аймағында Махашта Мураси есімді етікші қарт тұрады. Өзінің айтуынша, ол 1835 жылы туылып, қазіргі таңда жасы 181-ге келген. Бұл қария әлемдегі ең кәрі адамдардың қатарында. Бұл кісіден үлкен 191 жастағы нигериялық Мама Ефишо деген адам, алайда бұл адам жайлы деректер нақты болып табылмайды, деп хабарлайды lamp.im, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады. «Мен – әлемдегі ең кәрі адаммын, 181 жыл бұрын туылдым. Өлім мені ұмытып кеткен тәрізді», - дейді қарт кісі. Махашта Мурасидің жеке басын анықтайтын құжаттар мен Үндістан билігі бұл ақпараттың рас екендігін жоққа шығармайды. Алайда, дәрігерлер мұның рас екендігіне сенбейді, себебі бұл кісіге келген ең соңғы дәрігер 1971 жылы көз жұмған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, етікші 1835 жылдың 6 қаңтарында Бангалорда дүниеге келген. Кейіннен 1903 жылы Варансиға көшіп, сонда жұмыс істеп, 122 жасында зейнетке шыққан. «Менің шөберелерім әлде қашан қайтыс болып кеткен. Өлім мені мүлдем ұмытып кеткен секілді. Мен, тіпті, 150 жас жасаймын деп ойламағанмын. Соған қарағанда мен ажалсыз адам шығармын. Осы ой маған сансыз ләззат береді», - деп, философиялық тұрғыдан өзінше тұжырым жасайды қария.

Назерке Лабихан

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін