Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалатыны белгілі болды

2017 жылдың мамырында қазақстандықтар 11 күн демалады. Қазақстанда Бірлік күні 1 мамырда атап өтіледі, ал Отан қорғаушылар күні 7 мамырда, Жеңіс күні - 9 мамыр. Бірінші мереке дүйсенбіге келіп отыр, осыған байланысты бұл күн демалыс болады. 7 мамыр жексенбіге түседі, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбіде демалады. Өз кезегінде 9-шы күн сейсенбіге келеді, бұл күн де демалыс. Жалпы қазақстандықтардың қосымша үш демалысы болады. Ал 6-9 мамыр аралығында үздіксіз демалыс.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін