Құранда айтылған қызықты жайттар: Бір шөкім бұлттың салмағы 500 келі тартады

Үнемі жеңіл қозғалатын кішкентай бұлттың 500 келі тартатынын естіген адам таңғалары анық.

Ғалымдар жақында найзағай тек ауыр бұлттардан ғана шығатынын анықтады. Ал, Алла Тағала бұл керемет жайлы ұлы кітабы Құранда 14 ғасыр бұрын баяндап қойған: “Ол (Алла) сендерге найзағайды қорқыныш және үміт ретінде көрсетеді əрі ауыр бұлттарды пайда қылады”. («Рағыд» сүресі, 12-аят). Бұл аят найзағай мен бұлттар жайлы ғылым атымен жоқ заманда адам қолымен жазылуы мүмкін емес. Демек бұл – Құранның Алланың ақиқи сөзі екендігіне кезекті бір дəлелі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін