Америкалықтар асырап алған қазақ баласының оқиғасы (фото)

Луис Азамат Альбертиниді 1991 жылы үш жасында АҚШ-тан келген жұп асырап алып, Америкаға алып кетеді. 25 жыл өткен соң Азамат Америкадағы өмірі жайлы және Алматыға не үшін келгенін түсіндіріп берді. Бұл жөнінде Kazakh tv ақпарат береді. Мен Мичиган штатының Гранд-Рапис қаласында өстім. Мичиганның шеткі аймақтарында жихаз шығаратын ең үлкен зауыттар орналасқан. Менің балалық шағым әдеттегідей өтті: футбол мен баскетбол ойнадым, достарыммен жиі көңіл көтеретінмін, ал жазда отбасым демалыс алатын.

Бала кезімде мен казақстандық балалармен араласа алмадым. Ресейден бала асырап алған отбасымен біздің отбасымыз жақсы араласты. Және  менің екі туыс бауырларымды Ресейден асырап алған. Айналамда қазақстандық ешкім болған жоқ. Университетте оқып жүргенімде, өз өмірім жайлы толық білгім келді, неге менің түрімнің басқалардан өзгеше екенін анықтағым келді. Мен уақытымның көбін отбасыма арнап үйренгенмін. Себебі мені солай тәрбиеледі. Ата-анам менің біліміме әрдайым көңіл бөліп отыратын. Азиалық екеніме қарамастан, мені адамдардың бөлгенін, мен жайлы әңгіме айтқандарын, кемсіткендерін байқаған емеспін.

Америкалық замандастарымнан өзімді басқаша деп есептемедім. АҚШ – мәдениеттерінің сан алуандығымен ерекшеленетін мемлекет, бірақ менің қалам кішкентай болды. Мүмкін, мені азиялық, қытай немесе жапон деп ойлағандар да болған шығар.   Адамдар нені сәттілік деп санайтынын түсіну үшін, мен олардың іс-әрекеттерін әрдайым бақылап жүретінмін. Сондықтан, ата-анама маған берген тәрбиесі үшін алғысымды айтамын: олар маған өмірге тура көзбен қарауды, сондай-ақ, бұл өмірде ең маңызды нәрсе – жинақылық, адалдық, тапқырлық және рақымыдылық екенін үйретті. Жылдар өткен сайын олар айтқан әрбір сөздің мағынасын түсініп келемін. Егер мен қандай да бір жетістікке жететін болсам, ата-анамның тәрбиесінің арқасында болатын еді.

Жиі саяхаттауға шығатынмын, жаңа ашылуларға мән беріп жүремін. Мичиген университетінің, мамандандырылған резидентті "Global Scholars Program" програмамасы бойынша бакалавриатта оқыдым. 2-курстан соң өмірге деген көзқарасымның өзгеруіне септігін тигізген Grameen банкінде тәжірибеден өттім. Ауылда болып, жағдайы төмен мұқтаж отбасыларға көмегімді тигіздім. Сөйтіп, өз биснесімді бастауды қолға алдым.

Мен мәдени іс-шараларға жиі қатысып тұруға қызығатынмын,.Бір жігітпен Гонконгта тұрдым, өз елінің мәдениетімен бөлісуге дайын студенттермен жақынырақ араластым. Жалпы, терең ойлауға және сыни-пікірлер қалыптастыра алатындай жақсы білім алдым деп айта аламын. Қазақстанға келгенімде мені бірден өз адамдарындай қарсы алды. Амстердамдағы Schiphol әуежайынан Алматы әуежайына қонғанымда, терминал іздеп ұзақ жүрдім. Іздеу барысында түр-әлпеті маған ұқсайтын адамдарды байқадым. Олармен орыс тілінде енді тілдесе бастағынымда, өзімді жайлы сезініп, бірден ашыла кеттім.

Қала таңдау барысында мен Алматы қаласына тоқталдым. Рұқсат алу үшін оқу орындарының студенттерін Азияның түрлі аймақтарына жіберетін Принстон бағдарламасының артынан 15 ай бойы жүгіруге тура келді. Енді, міне, мәдениеті мүлдем таңсық көрінген Қазақстанға келу мүмкіндігі бұйырғанына өте қуаныштымын. Алматыға келген бойда, ең бірінші кәсіпкерлік және шығармашылық жобаларға көңіл аудардым. Қазақстан аз уақыт ішінде талай белестерге көз жеткізгенін байқадым. Мен екі елдің де (АҚШ, Қазақстан) өсіп-өркендеуіне үлесімді қосқым келеді. Қазақстанға сапар шеккенім өзімнің қазақ екенімді сездірді. Өз тәжірибелерімен, мәдениетімен бөлісетін достармен таныстым. Елдің жаңалықтарын бақылап отыру үшін Tengrinewsті үнемі оқып отырамын. Қазақстан жерінде өзімді қонақ ретінде емес, елдің тұрғыны ретінде сезіне бастадым.

Болашақта, әлем үшін маңызды іспен айналсқым келеді. Өмір – бумеранг. Қазір немен айналысып жүрсеңіз, болашақта бәрі өзіңізге қайтып келеді. Әлем үшін пайдалы іс жасау – жарқын болашақтың кепілі. Мен жарқын болашақты көздеймін.
 

Аударған: Гүлім ЖАҚАН

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін