Оқу құралдарындағы доңыз майы бар заттар сатылымнан шықпақ

Малаизияның құқық қорғау органы мемлекеттің барлық дерлік оқу құралдары мен үй шаруашылығына қажетті заттар сататын дүкендерінде тексеріс жүргізу үстінде.

Тексерістің басты мақсаты құрамына шошқа майы қосылған  қыл қаламдар мен шаруашылыққа қажетті шөткелерді сатылымнан шығару. Дүкендерде доңыз майы қосылған аталмыш заттар табылған жағдайда дүкен сатушысы үш жыл бас бостандығынан айрылып, 100 мың ринггит айыппұл төлемек.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін