Барлық күнәнің кешірілуіне себеп болған бір ғана жақсылық

Әлеуметтік желілерде жануарларды қорлап, оларға зұлымдық жасалған бейнероликтер көптеп шығыуына байланысты Түркия мемлекетінің Дін Істер басқармасы осыған қатысты халыққа бұйрық шығарды.

Өзінің осындай қайырымды әрекетімен Гиресун қаласының тұрғыны Бюлент Калпасиглу көпшіліктің назарын аударды. Ол көшеде иесіз жүрген итті тамақтандырып, жаураған денесін өзінің күртешесімен орап, жылытқан.

Ислам дінінде жануарларға қамқорлық көрсетуге ерекше мән берілген. Пайғамбарымыз () сахабаларға шөл далада сусындап өле тұрған итті көріп, мәсісіне толтырып құдықтан су шығарып, оны өлімнен құтқарып қалған бір күнәхар адамның хикаясын айтып, соңында былай деді:

 «Алла Тағала оның бұл әрекетіне сүйініп, күнәларын кешірді». Хадисті Бухари риуаят еткен.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін