Қасиетті Қағбаға өрт қоймақшы болған адам қолға түсті (видео)

Қасиетті Мекке қаласында ақылға сыймайтын қылмыс орын алды. Барша мұсылмандардың құтты ошағы, Алланың жердегі бірінші үйі саналатын Аль - Харам мешітінде адам қолымен жасалған өрттің алды алынды. Қолындағы жанармай толы ыдысты Қағбаның қабырғасына сеуіп, өртемек болған қылмыскер дер кезінде қолға түскен. 

«Түнгі сағат 23:40 болатын. Қағбаны тауап етіп жүрген едім. Бір  мезетте қолындағы жанармайды Қағбаға шашып жатқан ер адамға көзім түсті. Жанымдағы тауап етушілермен бірге әлгі адамның қолын қайырып, қылмыстың алдын алып қалдық» - дейді оқиға куәгері Гази Дервиш.

Қазіргі кезде қылмыстың себебі анықталу үстінде. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін