Мәдинадағы шатырлар қалай жасалған? (ФОТО)

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшіп барысымен дереу мұхажирлар мен ансарлардың басын қосып, бәрі жұмылып, мешіт соқты. Бұл мешіт «Расул мешіті» (Мәсжиду расул), «Қасиетті мешіт» (Масжиду шариф), «Бақыт мешіті» (Масжиду саадат), «Пайғамбар мешіті» (Масжиду набауи) деп те аталуда.

Мәдина қаласында Құран Кәрім аяттарының біршамасы түсірілді. Алғашқы жұма намазы оқылып, жалпы мұсылмандарға парыз етілді, исламдағы дәрет алу, намаз, ораза, азан, тағыда басқа парыз болған әдет-ғұрыптардың орындалу дәстүрі бекіді.

Ән-Набаби мешітінде күн көзінен қорғайтын бірегей шатырлар тігілген. Мединадағы алып шатырлар 2010 жылы салынған, бірақ әлі күнге дейін осы құрылымдар қазіргі заманғы техниканың озық үлгісі ретінде қолданылуда.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін