МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БАРЛЫҒЫ ЖҰМЫСҚА ХИДЖАБПЕН КЕЛГЕН

Ақпан айының 1-жұлдызы Бүкіләлемдік хиджаб күні болып аталып өткені белгілі. Бұл күні әлем мұсылмандары әртүрлі шаралар өткізіп, әйел жандардың әурет жапқан орамал түрін кеңінен насихаттауға тырысты.

Сондай оқиғалардың бірі Иллинойс (АҚШ) штатындағы Оук Лон  қаласындағы Ричардс жоғары мектебінде  орын алды. Бұл күні жұмысқа 20-дан астам мұғалім хиджаб киіп келген. Олардың кейбірі осы әрекеттері арқылы Бүкіләлемдік хиджаб күнін атап өтсе, кейбірі Трамп саясатынан түңілген мұсылман қауымына қолдау білдіру мақсатында орамал салған.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін