Бір-біріне көп ұқсамайтын, нәсілі бөлек егіздер дүниеге келді

АҚШ-тың Илинойс штатында бір-біріне мүлдем ұқсамайтын егіздер дүниеге келді, деп хабарлайды "Моя планета". ВВС-тің хабарлауынша, түрлі нәсілді жұптардың бір-бірінен ұқсас болғанымен терісінің түстері әртүрлі егіздерді дүниеге әкелу мүмкіндіктері бар. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Шамамен, 500-дің 1-інде ғана болады. Екі түрлі егіз қыздардың ата-анасы балаларының суреттерін әлеуметтік желіде жариялады және олар өте танымал бола түсті. Егіздердің шешесі Уитнидің шыққан тегі кавказдықтарға жақын болса, оның күйеуі - Томас афроамерикалық. Осыдан 9 ай бұрын олардың Калани және Джарани Дин атты қыздары дүниеге келді. Олар бір мегзілде бір-біріне қатты ұқсайтын және ұқсамайтын да болып дүниеге келді. Каланидің көзі көгілдір, ал терісінің түсі еуропа тұрғындарына келетін болса, Джарани кәдімгі қарадомалақтың өзі. Алайда, олар бір уақытта бір анадан туды, деп жазады "Bored Panda".

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін