Бүгін Қарағандыда Қажылар одағы құрылған күн 

– 2006 жылдың 27 қаңтары Қарағандыда ҚАЖЫЛАР ОДАҒЫ құрылды. Орталық мешітте өткен жиналыс барысында бірігу туралы шешім қабылданды. Негізгі мақсаттары - шариғатты имамдарға түсіндіруде көмек көрсету. 
– Дәл бүгін осыдан 5 жыл бұрын «Қазпошта» АҚ «Ескерткіш, мерейтойлық даталар және мерекелер» сериясында көрнекті мемлекет және партия қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ 100 жылдығына арналған көркемсуретті пошта маркаларын айналымға шығарды. 
– 2010 жылы Мәскеуде даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 100 жылдық мерейтойына орайластырылған «Аңыз батыр» атты жинағы жарық көрді. 
– Дәл бүгін 7 жыл бұрын (2010) Алматыда «Қазақстандағы қайырымдылық» - blagovkz.org. атты ұлттық ақпараттық порталдың таныстырылымы болған күн. Жобаның мақсаты - еліміздегі азаматтарды қайырымдылық қызметке тарту. 
– Былтыр қаңтардың 27-і күні (2016ж) ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресейдің Омбы қаласында өткен «Ислам және дінаралық келісім» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, Орталық Азия мұсылмандарының ортақ құндылықтарын айқындайтын, біртұтас үмметтің бағдаршамы болатын арнайы тарихи құжаттың жобасын әзірлеуді ұсынды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін