Қасиетті Құран мектеп бағдарламасына енгізіледі

Пакистан мемлекетінде Құрани Кәрімді мектеп бағдарламасына енгізілу жоспарланып отыр. Ендігіде аталмыш мемлекеттің барлық мектептері мұсылмандардың басты құндылығы, мұғжизасы Құранды 6-сыныптан бастап меңгермек.

Аталмыш бағдарламаны екі бағытта жүзеге асырмақшы. Яғни, мектеп оқушылары алдымен екі топқа бөлінеді. Оның бірі Құранды оқу, жазуға машықтандыру болса, екіншісі Құранды жаттау яғни, қарилық бөлім.

Пакистан білім басқармасының айтуынша оқушылар алдымен Құранды оқу мен жазуды меңгеруі тиіс. Екі бағыттағы оқыту жүйесі осыдан кейін барып жүзеге асырылмақшы.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін