Сауық кешке барған қыздың тозаққа айналған өмірі (фото)

Венесуэладан шыққан Жаклин Сабуридо есімді жас қыз АҚШ-та оқып жүреді. Қызда бір адамға керекті бар нәрсе болды: әдемі түр-келбет, көптеген достар мен күтушілер, ата-анасымен жақсы қарым-қатынас.
Кезекті рет досымен бірге сауық кешке барған Жаклин көңіл көтеріп қайтуды ойлаған. Алайда бір түнде басына орнаған қасірет өмірін тозаққа айналдырды. Жаклин достарымен бірге отырған көлікке 18-жастағы студент Реджинальд Стейсидің көлігі соғылады. Кейін анықталғандай, жігіт есін білмес мас күйде рөлге ие бола алмай қалған. Қыздың екі досы болмашы жарақат алып, тездетіп көліктен шығып кетеді. Тағы екеуі өртеніп, мерт болады. Ал Жаклинның өзі көлікте қалып қойып, 45 секунд бойы өртке оранып, денесінің 60% күйік шалған. Сұлу қыздың әкесінің бизнесін жалғастырамын деген ойы арманға айналды. Дәрігерлер қыздың өмірін құтқарып қалу үшін жабыла көмек көрсетеді. Ол үшін дәрігерлерге 50-ден көп ота жасау керек болады.

Өрт Жаклинның беті мен шашын алып қойды. Қыз ақырындап көру мен есту қабілетін жоғалтады. Одан бөлек, дәрігерлер күйіп қалған саусақтарын да алып тастауға мәжбүр болған. Қыздың әкесі Амадео өзінің ең жақсы жақтарынан көрсетті. Қызының қасынан бір елі айырылмаған әкесі оған қолынан келген барлық көмегін аямады. Мүмкін, Жаклинды өз-өзін өлтіруден арашалап қалған әкесінің көмегі шығар! Көлік соқтығысына себеп болған кінәліні сот жазалады. Жігітті мас күйінде рөлге отырғаны үшін және адам өлімі бойынша кінә тағып, жеті жылға жазаланды. Оған қоса, ол зардап шеккендердің отбасына 20 мың доллар көлемінде төлеу тиіс.

Студент болған оқиғаға өкініп, кешірім сұрады. Жаклин оны кешірді. Бүгін оқиғадан 15 жыл өтті. Жігіт өз жазасын алды, түрмеден шықты және қазір бостандықта. Ал, бақытсыз қыз қайғылы оқиғаның салдарымен әлі де күресіп, өмір сүруін жалғастырып жатыр.

Жоғарыда көрсетілген суретте қазіргі Жаклин көрсетілген. 2004 жылы оған көз алмастырып берді. Ал қазір Жаклин бетіне трансплантация жасалғанын күтіп жүр. Бұл ота түрі өте сирек жасалады, бірақ соңғы жылдары бұл бағытта айтулы өзгерістер болып жатыр. Кім біледі, мүмкін, бірнеше жылдан кейін дәрігерлер Жаклинға жаңа бет силайтын шығар! Бүгінде қыз уақытын босқа жіберіп жүрген жоқ. Ол телеарналарда сөз сөйлеп, мас күйінде көлік айдаудың арты неге апарып соқтырарын адамдарға көрсетіп, насихаттап жүр. Мүмкін оның сөзі арқылы көптеген жүргізушілер артық ұрттап қойса да, рөлге отырудан бас тартқан шығар. Жаклинның түрі – мұндай тәртіпті болдырмау қажеттігінің дәлелі.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін