КӨЗ АШҚАЛЫ – КӨРГЕНІ СОҒЫС

Сирияның адам құқықтары жөніндегі ұйымының соңғы таратқан мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда аталған елдің 13 миллионнан астам тұрғыны өз отандарын тастап, жат жұрттан пана табуға мәжбүр болған.
Ал, жалпы тіркелген босқындардың саны – 5,8 миллион адамды құрайды. Оның жартысы – балалар.
Сириялық босқындарды ең көп қабылдаған ел – Түркия екен. Бұл ел аумағына 2 миллионға жуық сириялық азамат тұрақтаған. Екінші және үшінші орындарда Ливан (1,6 млн.) және Иордания (1,4 млн.) тұр.
Сириядағы соғыстан ең қатты зардап шеккендер – балалар. Олардың көбі соғыс кезінде туып, оның аяқталғанын көрместен бұл дүниемен қош айтысуда.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін