ЕРДОҒАН МҮГЕДЕК ҚЫЗДЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАДЫ

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған тағы бір мүгедек баланың арманын орындады. Ол өз резиденциясында науқас қызға қабылдау жасап, қымбат сыйлықтар тарту етті. Кездесуге науқас қыздың ата-анасы және премьер-министр Бинали Иылдырым мырза қатысты.

Айта кетейік, бүлдіршін қыз ел президенті Ердоғанды қатты құрметтейтіні соншалық, қолының икемсіздігіне қарамастан оның суретін салып шыққан. Бұл жайында тілшілер қауымы ести салысымен кішкентай бүлдіршін жайлы жаңалықтар қаптап кеткен болатын. Солардың бірінде ол ел басшысымен кездесуді қатты армандайтынын айтқан болатын.+

Бұл жайлы естіген Ердоған көп созбастан бүлдіршін қыздың арманын орындап, оны резиденциясында қабылдады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін