Ванкувердегі Аль-Джамия Харун Кан мешітінде үйсіз жүрген адамдарға қайырымдылық ақциясы өткізілуде. Тағдырдың түрлі тауқыметіне ұшыраған жандар аталмымш мешітте түндерін өткізіп, Алла үйін пана тұтуда. «Алғашында мешіттегі қайырымдылық акцияның мерзімін бір аптаға белгілеген болатынбыз. Бірақ, бас сұғып пана тұтар жандарға есігіміз қашанда ашық»,-дейді мешіттің басшысы.