ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНДЕГІ ШАТЫРЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДАУ ШЫҚТЫ

Мадина қаласындағы Пайғамбар мешітінің жамағатын күн сәулесінен қорғап тұратын алып шатырлардың жұмыс істемей тұрғанына бірнеше күн болған. Шатырлардың жиналған күйі қайтып ашылмай тұруына Қос киелі президиумы мен Saudi Binladin Group компаниясының арасындағы тартыс себеп болған көрінеді.

Белгілі болғандай, алып шатырлардың жұмысына жауапты компанияға қажетті құрал-жабдықтар Германия мемлекетінен дер кезінде жеткізілмеген. Бір қызығы, бұл құрылғыларға қажетті құрал-жабдықтар Сауд Арабиясы аумағында жасалынбайды екен.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін