Бір күнде екі мешіт ашылды

Маңғыстау облысында бір күнде екі бірдей мешіт ашылды. Оның бірі Баянды ауылында орналасқан. 300 адамға арнап салынған мешіттің ішінде шәкірттердің сауатын ашуға арналған сыныптар мен кітапханалар да салынған. Мешіттің ашылу салтанатына облыстың бас имамы Смайыл Сейтбеков және аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев қатысты.

Осындай мешіттің бірі аталмыш облысқа қарасты Маңғыстау ауылында ашылды. «Миғраж» деген атау беріген Алла үйінде 700 адам құлшылық ете алады. Үш жылға созылған мешіттің құрылысына 69 млн теңге жұмсалған екен.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін