ТЕРАКТІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ 120 АДАМ ТҰТҚЫНДАЛДЫ

Стамбул қаласында орын алған сериялы терактіден кейін Күрділер партиясы мүшелерін қамауға алу операциясы жүргізілуде, деп хабарлайды Sabah түрік басылымы.

Операция барысында 118 адам қамауға алынған. Еске салсақ, Стамбул қаласында 10 желтоқсан күні екі теракті болып, салдарынан 44 адам қаза тапты.

Терактіні ұйымдастыруға қатысты жауапкершілікті Күрдістан жұмысшылар партиясына байланысы бар күрді бас көтерушілері алған. Олардың 20-сы Стамбул қаласында, 17-і – Анкарада, 25-і – Аданада, 51-і – Манисада және бесеуі – Мерсин қалаларында қамауға алынған. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін