Мәуліт мерекесіне орай 400-ге жуық тұтқындалушы абақтыдан босатылмақ

Египетте  400-ге жуық тұтқындалушы абақтыдан бостылмақ. Мысыр елінің басшысы бұл шешімді қасиетті мәуліт мерекесіне байланысты қолға алмақшы. Олардың ішінде, журналистер мен өзін қорғау мақсатында тұтқындалғандар бірінші босатылмақ.  

«Ауыр қылмыс жасап, қатаң тәртіппен абақтыға қамалғандардың ісін толық қараймыз.Себебі, босатылуға қауіпті тұтқындалушылар да бар. Ал, өзінің жеке басы мен абыройын қорғау мақсатында қылмыс жасауға мәжбүр болғандардың босатылуға мүмкіндігі бар»,-дейді президенттік комиссияның жастар ісі бойынша басшысы Усама аль-Газали Харб.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін