От шалмаған Құран Кәрім...

Осыдан үш күн бұрын Түркияның Маниса елдімекенінің Юнус Емре ауданындағы үш қабатты бір үйде өрт шықты. Оқиға орнына 110 өрт сөндіру, 112 жедел жәрдем және 115 полиция қызметкерлері жөнелтілді. Бір қызығы өрт өндірушілер үйдегі Құран Кәрімнің оттан аман қалғанына куә болған. Үйдің көп жеріне зарар келгеніне қарамастан Аллаһ Тағаланың кәләмын от шалмаған. Маниса әкімдігіне қарасты өрт сөндіру департаментінің бастығы Әли Гүл: «Үш қабатты бір үйде шыққан өрт үйдің шатырын ортасына түсірді. Өрт мұржадан не пештен шықты деген жорамал бар. Өртенген үйдің ішінде Құран Кәрімге ешбір зарар тимегеніне куә болдық. Жалпы осы уақытқа дейін өртін сөндірген үйлерде де дәл осындай жағдайларды талай кезіктірдік. Бұл Аллаһ Тағаланың кереметтерінен бірі», ­- дейді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін