"Жылдың үздік кәсіпкері" анықталды

Бирмингем қаласының тұрғыны Назия Насрин  «Жылдың үздік кәсіпкері» атанып отыр. Балаларға арналған тауармен айналысатын Назияның онлайн дүкеніне тұтынушылар жоғары баға берген. Дүкенде балаға не керектің барлығы бар. Сатып алушыларға қызмет те жоғары дәрежеде көрсетіледі. Өзінің қажырлы еңбегімен кәсіпкер сарапшылардың оң бағасын иеленіп отыр. Қазіргі уақытта кәсіптің шыңына жеткен Назия адамдарға өзінің тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, жас ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты өзіндік кеңісімен бөлісу үстінде.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін