Мешітте студенттерге арнап тегін жатақхана ашылды (фото)

Павлодар облыстық «МашхүрЖүсіп» орталық  мешітінде коледж және ЖОО-ның студенттеріне арнап тегін жатақхана ашылды.  Мешіттің имамы Нариман Исеновтың айтуынша жатақхана жеке кәсіпкердің көмегімен ашылған. Мұнда студенттер үшін барлығы тегін. Сондай-ақ, жатақханада студенттерге екі тәрбиеші қызмет көрсетпек. Олар, тұрғындарға сабақ беріп, діни сауаттарын ашпақ.

«Біздің басты мақсатымыз – студенттерге қолдау көрсетіп, олардың дінге деген құлшынысын арттыру. Мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, олардың діни сауаттарын арттыру. Болашақта қыз балаларға да арнап жатақхана ашуды жоспарлап отырмыз»,- дейді мешіт имамы Нариман Исенов.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін