Сотталушыларға зағип адвокат қызмет көрсетпек

Сауд Арабиясында  24 жасар зағип қыз адвокаттық қызметке кірісті. Көру қабілетінің жоқтығынан ұзақ уақыт  қызметке орналаса алмаған Лейла Аль-Кубби  Сауд Арабиясындағы ең алғашқы зағип адвокат болып отыр. Айта кетейік, Лейла Аль-Кубби  Абдулазиз университетін  зағип жандарға арналған Брайль жүйесімен тәмамдаған. «Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Өзіме тиесілі қызметімді лайқты өтеп, армандарымның орындалуынан зор үміт күтемін», деп қуанышымен бөлісті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін