САЛАФИЗМГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ!

Германия үкіметі сейсенбі күні осы елде қызмет атқарып келген сәләфилік «Таза дін» ұйымына тыйым салып, топ мүшелерін жастарды радикализмге  ұрындырды деп айыптады. Қарашаның 15 күні Берлинде сөз сөйлеген Германияның Ішкі істер Министрі Томос де Мезиер осы елдегі «Таза дін» атты сәләфилік ұйымға тыйым салынғанын заңды түрде мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл діни ұйым 140 жасты радикализмге ұрындырып, олардың Сирия мен Ираққа барып, экстремистермен бірге соғысуына себеп болған. Тұрғындарға жүздеген мың Құран мен тәпсір көшірмелерін таратып үлгерген ұйым, Германияның 10 федералдық аймағында заңсыз деп жарияланды. Рейтерстің хабарлауынша, Германияның барлау қызметі «Таза дін» ұйымының жетекшісі Ибраһим Әбу Нагиді Сауд Арабиясынан шыққан сәләфизмнің басты насихатшысы деп сипаттаған.Томос де Мезиер аталмыш ұйымның қызметіне тыйым салынғанымен басқа діни тұлғалардың Германияда заңды түрде Құран таратуына кедергі жасалмайтынын, діни наным-сенім бостандығының шектелмейтінін ескертті.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін