ЕЛБАСЫ МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ﷺ МЕШІТІНДЕ НАМАЗ ОҚЫДЫ (ФОТО)

 

Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне барды. Нұрсұлтан Назарбаев Медина қаласында провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сондай ақ, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар ﷺ  мешітіне барып, намаз оқып, Масджид ан-Набави мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты. Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына барды.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін