ФЕЙСАЛ МЕШІТІНІҢ ЖАНЫНДА ТҰРЫП, ГИМАЛАЙДЫҢ БАСТАУЫН КӨРЕСІЗ

Пәкістан астанасы Исламабадта салынған мына мешіттің пішіні арабтардың шатырына келеді.  Бұл - Азиядағы ең үлкен мешіт. Мешітті салу туралы ой 1966 жылы Сауд арабиясының әміршісі Фейсал ибн Абель Азиз ас-Саудаға келген. Ерекше құлшылық орнының дизайнын жасаған түрік арxитекторы  Ведат Балокай. 

1976 жылы құрылысы басталған мешітке Сауд Арабия әмірлігі 120 миллион доллар бөлген. Мұнда 300 мың адам бір мезетте құлшылық жасай алады. Шах Фейсалдың атындағы мешіт мұнараларының өзі ерекше. Сондай-ақ мешіттің айналасы керемет көркем пейзажымен де көз тартады. Мешіт әлем бойынша 10 алып мешіттердің қатарына кіреді. Әйгілі Гималай тауы басталатын Марголл Хиллс белесін де дәл осы мешітке келгенде көре аласыз. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін