ҚАЗАҚТЫҢ БҮРКІТШІ ҚЫЗЫ ГОЛЛИВУД АКТРИСАСЫН ЖЫЛАТТЫ(ВИДЕО) 

 «Звездные войны. Эпизод VII» блокбастерінде ойнаған Дейзи Ридли Лос-Анджелесте өткен "The Eagle Huntress" деректі фильмнің тұсаукесерінен жылап қайтты. Оның бұлай толқуына кинодағы басты рөлді сомдаған әлемдегі ең жас бүркітші қыз себеп болған. 
Бүркітші қыздың есімі - Айшолпан. Монғолияның қазағы. 
Фильм режиссері Отто Беллдың айтуынша Ридли қаршадай қызға қатты тәнті болған. Актриса өзі де бұл тарихи жағдай қатты толғандырғанын, филмді жылап отырып көргенін айтады. Сондай-ақ мұндай айтулы жаңалықпен алғаш болып әлеммен бөліскенін мақтан тұтады. Фильмнің тұсаукесерінде Айшолпан мен оның әкесі де болды. Монғолия мен Американың арасы жақын болмағанымен, басты қаһармандарды арнайы алдыртқан көрінеді.

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін