ӘЙЕЛДЕРГЕ ҒАНА АРНАЛҒАН АУРУХАНА АШЫЛДЫ 

Дубайда нәзікжандылар мен балалар ғана емделе алатын аурухана ашылды. Medcare Women and Children Hospital деп аталатын клиниканың дәрігерлері де тек әйелдер. Емделу орталығы бір уақытта 100-ге жуық науқасты қабылдай алады. Бұл жерде акушерлік, гинекологиядан бөлек гастроэнтерология, педиатрия, стоматология, хирургия және дермотолог дәрігерлер қызмет көрсетеді. Жуық арада бұл жерде сән салоны, спа ашылатын болады деп күтілуде. Сондай-ақ бассейнге түсіп, йогамен айналысуға да мүмкіндік бар. Емделу бағасы тәулігіне 365 долларды құрайды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін