"КӨКСЕРЕК" МУЛЬТФИЛЬМІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ(ВИДЕО)

Барлығымыздың балалық шағымыздағы сүйікті киномыз «Көксерек» фильмі болғаны жасырын емес. Одан бұрын қазақтың дара, даңқты жазушысы Мұхтар Әуезовтің қаламынан туған бірегей туындының да талай жас оқырманды баурап алғаны сөзсіз. Енді міне, өз оқырманы мен көрерменіне сүйкімі артқан туындының мультфильмдік нұсқасы жарыққа шықты."KADAM" студиясы түсірген 15 минуттық мультфильм көрерменнің көзайымына айналар бірегей еңбек екенін байқауға болады.Сұлтан Жұмабекұлы, Мейіржан Сандыбай және Әділбек Баян есімді жігіттердің қолынан шыққан туындыға 21600 картина сызылыпты. 2D форматымен жасалған кішкентай «Көксерек» балалар үшін таптырмайтын мульт топтама болары сөзсіз. Біздің дүниетанымымызға, ұлттық болмысымызға мүлде кереғар батыстық атыс-шабыс, қырып-жоюға құрылған, баланы тек қатыгездікке тәрбиелейтін мултьфильмдерден гөрі, табиғатымызға жақын, менталитетімізге үйлесетін дүниелерді көрсету арқылы балаларымызды жақсылыққа тәрбиелеуге не кедергі?!

Мультфильмнің соңы да өте әдемі аяқталады. Өмір бойы адамдар арасында тірлік кешкен Көксерек: «Енді түсіндім... Сонау түннен бері мені еліртіп шақырып жүрген ғажайып үн – кіршіксіз таза табиғатымның, қайтпас қайсар айбатымның, ешнәрсеге тең келмес еркіндігімнің үні» - дейді.

Бұдан ұлттық болмысты, рухты, намысты, тиғатпен біте қайнасқан қазақы еркіндікті байқауға болады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін