ҚҰТҚАРУ КЕУДЕШЕЛЕРІМЕН ҚИЫН ЖАҒДАЙДАН ҚҰТЫЛУДЫ МЕҢЗЕДІ (ФОТО)

Лондон мэрі Садик Ханның арнайы келісімімен өткізілген бұл акция бұрын соңды болмаған миграциялық дағдарысқа арналып отыр. Бұған себеп Африка мен Таяу Шығыстағы үздіксіз шабуылдар. Қиыр Шығыстан қашып шыққан босқындар паналайтын жер іздеп, Еуропаға ағылып жатқаны белгілі. Сол себептен де босқындардың өміріне бей-жай қарай алмаған белсенділер британ парламентінің алдына 2500 құтқару жилетін жайып қойды.  Мұндағы мақсат биліктегілерге ушығып бара жатқан бұл  мәселені түгесіне дейін қарап, оң шешім шығаруды меңзеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша әрбір құтару кеудешесі Еуропаға жетемін деп Жерорта теңізінде көз жұмған үш босқынды білдіреді.  Осылайше ел асамын деп миграциялық дағдарыстың кезінде қайтыс болғандар саны 8 мыңға таяп қалған.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін