ДАНИЯДА ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘЙЕЛ ИМАМЫ БАР МЕШІТ АШЫЛДЫ

Естімеген елде көп, Данияның астанасы Копенгаген қаласында әйелдерге арналған мешіт ашылды. Бір қызығы бұл мешітте де жұма намазы мен құтпа оқылатын боп шыққан. Сондай-ақ, имамдары да әйел. Скандинавиядағы осындай ерекшеліктегі бұл алғашқы мешітке жұма күні мұсылман емес әйелдер де намазға қатысатын көрінеді. Алғашқы жұма намазына қатысқан 60 әйелдің жартысына жуығы мұсылман емес әйелдер болған. Мешіттің атауы да Мәриям мешіті.

Мәриям мешіті қорының құрушысы әрі социолог Шерин Ханкан «Мұсылмандар мен мұсылман еместердің бір қатарда тұрып дұға етуіне алғаш рет күә болдым» деді.

Шерин Ханкан алдағы мақсатының бірлестік ретінде заңды тұрғыда тіркелу екендерін айтты. Данияның заңнамаларында бірлестік ретінде тіркелу үшін ең аз дегенде 150 мүшесі болуы керек екен. Қазіргі уақытта 30 мүше жинап үлгерген.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін