ҚАРАҒАНДЫДА ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Қарағанды қаласының тұрғындары биыл үш мекен-жай бойынша құрбандық шала алады. Резника 18, Складская 1-8 мекен-жайы және Бұқар жырау ауданы, Көкбекті ауылында арнайы орындар дайындалып жатыр. Бұл туралы Баспасөз клубында Қарағанды облысының имамдарымен өткен жиында белгілі болды. Қарағанды облыстық орталық мешітінің өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бұқаралық ақпарат құралдарына қасиетті Құрбан айттың мән-мағынасы мен орындалу шарттарын айтып өтті. Құрбан шалуда нені ескеру керек екенін мына жерден оқып біле аласыздар.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін