СТИВЕН СИГАЛҒА ҚОЙДЫҢ БАСЫ МЕН ЕТ ҚАТТЫ ҰНАПТЫ (ВИДЕО)

Қырғызстанда өтіп жатқан ІІ Дүниежүзілік көшпелілер ойынына қонақ боп келген Голливудтың танымал актері Стивен Сигалға қырғыздар бас ұсынып, табақ тартыпты. Сары табаққа салалы саусақтарын салған Стивен Сигалға бұл ас қатты ұнаған. Ол баспасөз мәслихатында бұнысын жасырмады. «Ет-нан – жеген асымның ішіндегі қатты ұнағаны болды», – деді ол журналистердің қойған сұрағына.

«Әкем – бурят, шешем – үндіс» деген ол көшпелілер мәдениетіне жаттығы жоқ екенін тілге тиек етті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін